Украина армиясы кейбір жерлерді азат етті

Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Украина әскерлерінің Авдийевка қаласының маңындағы Опитне ауылында ілгерілегенін айтты.

2035580
Украина армиясы кейбір жерлерді азат етті

Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Украина әскерлерінің Донецк облысындағы Авдийевка қаласының маңындағы Опитне ауылының бір бөлігін азат еткенін хабарлады.

Маляр Қорғаныс министрлігінің Әскери баспасөз орталығындағы тікелей эфирде сөйлеген сөзінде Украина әскерлерінің Авдийевка қаласының маңындағы Опитне ауылында ілгерілегенін айтып, «Біздің қорғаныс күштеріміз бұл елді мекеннің бір бөлігін азат етті» деді.

Маляр Украина сарбаздардың соңғы аптада Донецк облысындағы Новомайорск маңында жартылай табысқа қол жеткізгенін айтты.

Маляр армияның Бахмут бағытында Клишиевка мен Андрийевка маңында табыстарға қол жеткізгеніне назар аударып, Украина әскерінің бұл елді мекендердегі орындарынан орыс сарбаздарын тойтарып, алға қарай ілгерілегенін атап өтті.

Маляр өткен аптада Бахмут бағытында тағы 2 шаршы шақырым аумақтың құтқарылғанын білдіріп, осы бағытта бүгінгі күнге дейін құтқарылған жалпы аумақтың 49 шаршы шақырымды құрайтыны туралы ақпаратпен бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар