Мароккодағы жер сілкінісінен 2 мың 122 адам қаза табады

Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мың 122-ге артты.

2035471
Мароккодағы жер сілкінісінен 2 мың 122 адам қаза табады

Ішкі істер министрлігі 8 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 23.10-да болған жер сілкінісі туралы өзекті ақпаратпен бөлісті.

Министрліктің мәлімдемесінде эпицентрі Марракештің Әл-Хуз аймағында болған 7 балдық жер сілкінісінде қаза тапқандар санының 2 мың 122-ге, жараланғандар санының 2 мың 421-ге жеткені атап көрсетілді.

Іздеу-құтқару жұмыстары үшін аймаққа әскери көліктер мен құрылыс техникасы жөнелтілуде.

Енді бір жағынан Италия Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Антонио Таяни елінің Мароккоға шұғыл көмек ұсынғанын хабарлады.

Алжир де жер сілкінісінің салдарын жою үшін Мароккоға шұғыл көмек көрсетті.

Осы барыста  Марокко жер сілкінісінен кейін Испания, Ұлыбритания, Катар және Біріккен Араб Әмірліктерінің көмек ұсынысын қабылдағанын жариялады.

Жексенбі күні іздеу-құтқару топтарының Марокко топтарымен келісе отырып жұмыс істеу үшін елге кіргені айтылды.

Мәлімдемеде әртүрлі елдерден келген ынтымақтастық ұсыныстары мен бастамаларына риза болғандары да айтылды.



Ұқсас жаңалықтар