Малиде 49 бейбіт тұрғын қаза тапты

Малидегі екі түрлі лаңкестік шабуылда 49 бейбіт тұрғын мен 15 сарбаз қаза тапты.

2034909
Малиде 49 бейбіт тұрғын қаза тапты

Мали армиясынан жасалған мәлімдемеде Тимбукту аймағынан өткен Нигер өзенінде жолаушылар қайығына зымыранмен шабуыл жасалғаны хабарланды.

Моторына 3 зымыран тиген қайықтағы 49 адамның қаза тапқаны айтылды.

Гао аймағындағы Бамба ауданында орналасқан әскерлерге жасалған шабуылда 15 сарбаздың қаза тапқаны айтылды.

Үкіметтен жасалған мәлімдемеде екі шабуылда да қаза тапқандар үшін 8 қыркүйек түн ортасынан бастап 3 күндік ұлттық аза тұту жарияланғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар