Ресейдің Украинаға шабуылдары жалғасуда

Ресейдің шабуылында 1 адам қаза тауып, порт пен ауылшаруашылық инфрақұрылым нысандары зақымданды.

2033777
Ресейдің Украинаға шабуылдары жалғасуда

Ресейдің Украинаның Одесса облысында ұшқышсыз әуе аппараттарымен жасаған шабуылында 1 адам қаза тауып, порт пен ауылшаруашылық инфрақұрылым нысандары зақымданды.

Одесса облысы Әскери басқармасының басшысы Олег Кипер әлеуметтік желідегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде бүгін Ресейдің Одессаның Измаил ауданына ұшқышсыз әуе аппараттарымен 3 сағатқа жуық шабуыл жасағанын айтты.

Шабуыл кезінде ауылшаруашылық кәсіпорны қызметкерінің қаза болғанын атап көрсеткен Кипер «Бірнеше елді мекендерде қираулар мен өрттер болды. Кемежайлар, әкімшілік ғимараттар және ауылшаруашылық сынды кәсіпорындары зақымданды» деді.

Украина Әскери-әуе күштері жасаған мәлімдемеде Ресейдің 6 тамызға қараған түні Украина аумағына зымырандары мен ұшқышсыз әуе аппараттарымен шабуыл жасағаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар