ДДСҰ Эпидемиологиялық жаңарту есебін жариялады

"Ковид-19" эпидемиясының жаңа варианттарының саны артуда.

2032270
ДДСҰ Эпидемиологиялық жаңарту есебін жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде коронавирустың (Ковид-19) жаңа варианттарының санының артқанын хабарлады.

ДДСҰ Эпидемиологиялық жаңарту есебін жариялады.

Осыған қарағанда 31 шілде мен 27 тамыз күндері аралығындағы 28 күндік кезеңде 1,4 миллионнан астам "Ковид-19" оқиғасы тіркеліп, эпидемия салдарынан 1 мың 800-ден астам адам көз жұмды.

Алдыңғы 28 күндік кезеңмен салыстырғанда ауру 38 пайызға артып, өлім көрсеткіші 50 пайызға төмендеді.

Тіркелген оқиғалардың жаһандық деңгейде сынама және есеп шығарудағы төмендеуге байланысты инфекция мөлшерін дәл көрсетпегені айтылды.

ДДСҰ-ның мәліметі бойынша 2020 жылы эпидемия басталғаннан бері әлемде 770 миллионнан астам "Ковид-19" оқиғасы тіркеліп, індет салдарынан 6 миллион 956 мың адамның қайтыс болғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар