Италия табиғи апаттармен күресуде

Италия баспасөзіне қарағанда елдің солтүстігі суық және жауын-шашынды ауа райынан зардап шегуде.

2030369
Италия табиғи апаттармен күресуде
​Италияның солтүстік аймақтары жауын-шашын мен дауыл салдарынан туындаған су тасқыны, оңтүстіктегі Сицилия аралы орман өртімен күресуде.

Италия баспасөзіндегі хабарға қарағанда, елдің солтүстігі салқын және жауын-шашынды ауа райынан зардап шегуде.

Ауаның температурасы көптеген жерде әсіресе Ломбардия мен Пьемонт аймақтарында айтарлықтай төмендеді, дегенмен нөсер жаңбыр әртүрлі қаланың тіршілігіне кері әсер етті.

Милан, Генуя және Триест қалаларында толассыз жауған жаңбыр салдарынан кейбір көшелер мен жер асты өткелдерін су басып, көптеген ағаш құлады.

Солтүстіктегі кейбір тас жолдар болса жауын-шашыннан кейінгі көшкінге байланысты көліктерге жабылды.

Франция-Италия шекарасының Франция жағында орын алған көшкін салдарынан екі ел арасындағы пойыз қатынасы және қарқынды жел салдарынан Эльба аралы мен материк арасындағы паром қатынасы да тоқтатылды.

Азаматтық қорғаныс бүгін Ломбардияда нөсер жаңбырдың жалғасатынын болжап, су тасқыны қаупіне байланысты «қызыл дабыл» жариялады. Солтүстіктегі Венето, Тоскана және Фриули Венеция-Джулия аймақтарында болса «қызғылт сары дабыл» қағылды.

Екінші жағынан Сицилия аралының батыс аймағының әртүрлі жерлеріндегі ауылдық және орман аймақтарында өрттер де кері әсер етті.

Аралдың батысындағы Трапани мен Палермо қалалары арасындағы аймақта басталған өртте теңіз жағалауындағы Трапетто курортындағы кейбір үйлер өртенді.

Туристік «Tonnara di Scopello» курортында 200-ге жуық турист теңіз жолы арқылы құтқарылды.

Өрттің бақылауға алынғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар