Альпі тау сілемдеріне қар жауды

Елдің ішкі аймақтарында термометр кей жерлерде 40 градустан жоғары температураны көрсеткен еді.

2030108
Альпі тау сілемдеріне қар жауды

Ішкі аймақтардағы жоғары температураға қарамастан Францияда оңтүстік-шығыстағы Альпі тау сілемдерінде маусымның алғашқы қары  жауды.

Франциядағы «BFMTV» телеарнасының хабарына қарағанда, Жоғарғы Альп аймағында 2 мың 45 метр биіктіктегі Сен-Веран қаласының тұрғындары таңертең қармен оянған.

Француз Альпі деп аталатын аймақта орналасқан қалада таңертең ауа температурасы 1,9 градус ретінде тіркелді.

Осындай температура Серре-Шевалье мен Прорель маңындағы аудандарда да тіркелді.

Француз метеорологиялық басқармасының ауа райын болжаушы Гаэтан Хеймес «X» әлеуметтік медиа платформасында жасаған мәлімдемесінде биіктігі 2900 метрлік аймақтарда таңертең қар жауғанын айтты.

Елдің ішкі аймақтарында термометр кей жерлерде 40 градустан жоғары температураны көрсеткен еді.



Ұқсас жаңалықтар