Канададағы өрт өршіп тұр

Канадада дүйсенбі күні орын алған 1 мың 38 өрттің көбі тізгінделмеуде.

2028633
Канададағы өрт өршіп тұр

Канададағы өрт өршіп тұр. Өрт сөндіруге әскерлер аттанысқа кірісті.

Канадада дүйсенбі күні орын алған 1 мың 38 өрттің көбі тізгінделмеуде.

Бұл өрттердің кем дегенде үштен бірі Ванкувер қаласы  және Британдық Колумбияда  өршіп тұр.

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо «Бұл өте ауыр жағдай» деді және әскерлердің эвакуацияға және басқа логистикалық миссияларға көмектесетінін айтты.

Трюдо сонымен қатар Британдық Колумбияның көмек сұрауының  мақұлданғанын мәлімдеді.

Солтүстік-батыс аумақтардың астанасы Йеллонайф қаласында 20 мыңға жуық тұрғынның барлығы өрт салдарынан аймақты тастап кетуге мәжбүр болды.

 



Ұқсас жаңалықтар