Грекиядағы орман өрттері 5 күннен бері жалғасуда

Өрт Аспропиргоста өрт өндірістік аймақтағы зауыт пен қоймаларға тарады.

2028160
Грекиядағы орман өрттері 5 күннен бері жалғасуда
yunanistan yangin.jpg
yunanistan yangin.jpg
yunanistan yangin.jpg
Rodos Yunanistan Yangın1.jpg

Грекиядағы өрттер 5 күннен бері жалғасқан және тұрғын аймақтарына қауіп төндірген өрттер бақылауға алына алмай отыр. Аспропиргоста өрт өндірістік аймақтағы зауыт пен қоймаларға тарады.

Ауданда көптеген жол көлік қозғалысына жабылды.

Фракияның батысындағы Комотини (Гүмилджине) мен ауылдары орналасқан Родоп қаласында тағы 3 елді-мекен эвакуацияланды.

Александруполидегі (Дедеағач) өрт 5-ші күні жалғасқанда, елдің батыс қанатында жалын күшейе түсті.

Батыс Фракиядағы Еврос (Мерич) пен Родоп аймақтарына әсер еткен Александруполидегі өртке байланысты бүгін таңертең Эгнатия жолы жабылды.

Салоники мен Еуропаға барғысы келетін көліктерге Болгария арқылы өтуге ұсыныс жасалды.

Ұлттық обсерватория және қоршаған орта институты директоры Никос Михалопулос өрт салдарынан ауаға ілінген бөлшектер мөлшері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) белгілеген 20 микрограммнан 100 микрограммға дейін өскенін атап өтті.

Еврос аймағындағы өрттен туындаған бөлшектердің Ион теңізіндегі аралдарға дейін жеткенін атап көрсеткен Михалопулос бас қала Афинының батысы мен Пирейде жағдайдың өте ауыр екеніне назар аударды.

Михалопулос бұл көрсеткіштердің денсаулық үшін өте қауіпті екенін айтып, әсіресе қарт адамдар мен тыныс алу жолдары бұзылған адамдарға ашық ауаға шықпауға кеңес берді.

Республика бойынша жылдамдығы сағатына 70 шақырымға жеткен желдер болса өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.

21 тамыз күні бірі Виотияда, екіншісі Еврос аймағындағы Каважыкта (Лефкими) екі адам өртте қаза тапты.

Кеше болса Еврос аймағындағы Дадиас ормандық алаңында Еврос арқылы Грекияға өтпек болған заңсыз босқындарға тиесілі екені болжанған 2 бала, барлығы 18 адамның мәйіті табылды.

Осылайша Грекиядағы өрттерде 2 күнде қаза тапқандар саны 20-ға жетті.

Грекия президенті Катерина Сакеларопулу Еврос аймағында қаза тапқандар үшін жасаған мәлімдемесінде Дадиас ормандық алаңында мәйіттері табылған 18 адамның қазасына қайғырғанын тілге тиек етті.

Сакеларопулу «Осы қасірет пен адам шығынына, өлімдер мен табиғаттың бүлінуіне қайғырамыз және аза тұтамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар