Венгрия Түркиямен ынтымақтастықты нығайту туралы көзқарас білдірді

Петер Сийярто президент Ердоғанның еліне сапары туралы Венгрияның мемлекеттік радиосына сұхбат берді.

2027155
Венгрия Түркиямен ынтымақтастықты нығайту туралы көзқарас білдірді

Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто президент Режеп Тайып Ердоғанның Венгрия сапары кезінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту үшін келісілгенін мәлімдеді.

Венгрияның мемлекеттік радиосы «Kossuth»-тың хабарына қарағанда Сийярто президент Ердоғанның Венгрия сапары туралы сұхбат берді.

Ердоғанның 18 желтоқсан күні өтетін жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңес отырысы аясында Венгрияға қайта келуі мүмкін екенін білдірген Сийярто осы шара барысында басым стратегиялық серіктестік орнату үшін келісімге қол қойылатынын атап өтті.

Сийярто екі елдің өте жақсы деңгейдегі өзара қарым-қатынастары мен ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбында келісімге келгендерін баса айтты.

Венгрияның да «Түркі ағыны» құбыр желісі арқылы табиғи газ сатып алуға мүдделі екенін білдірген министр Сийярто Түркияның энергетика саласындағы маңызды транзиттік рөліне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар