Өртенбей қалған жалғыз үй

Аймақ тұрғындары Милликиндердің үйін «таңғажайып үй» деп атады.

2027340
Өртенбей қалған жалғыз үй

Америка Құрама Штаттарының Гавайи штатында көптеген ғимарат күл болғанына қарамастан бір үй өртенбей қалды.

Гавайидегі өрт салдарынан қазірге дейін 114 адам қаза тапты. 2700-ден астам ғимаратқа зақым тиді немесе күл болды.

Мауи аралында күлге айналған Лахаинада болса бір үй назар аударды. Жағалаудағы үй өртенбей қалған жалғыз үй болды.

Үй иесі Милликин ерлі-зайыптылары тақтайдан салынған үйде соңғы кездері бір өзгеріс жасағандарын айтты.

Ерлі-зайыптылар төбені темірмен қаптады. Зиянды жәндіктерге қарсы үйдің айналасындағы жасыл шөптерді кесті. Айырықша төңірекке тас жинаған.

Бастапқыда өртке төзімділік жағынан ойластырылмаған осы өзгерістер үйдің өртенбей қалуын қамдады.

Аймақ тұрғындары Милликиндердің үйін «таңғажайып үй» деп атады.



Ұқсас жаңалықтар