Израиль әскерлер мен палестикалық жастар арасында қақтығыс

Израиль әскерлері палестикалықтарға оқ жаудырды және көзден жас ағызатын газ бомбалар қолданды.

2025101
Израиль әскерлер мен палестикалық жастар арасында қақтығыс

Жаулау астындағы  Батыс Шериядағы Наблус қаласына басып кірген Израиль әскерлері мен аймақтағы жастар арасында қақтығыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, Израиль армиясының қарулы күштері еврей қоныстанушылардың діни рәсімдерін орындауын қамтамасыз ету мақсатында Наблустың шығысындағы «Юсуф Макамы» деп аталатын аймаққа қауіпсіздік операциясын жасады.

Палестиналық жастар Наблустағы израильдік сарбаздар өтетін жолдарды дөңгелектер жағу арқылы жауып, конвойға бос шыны бөтелкелер мен тас лақтырды. Осылайша шабуылды тосуға   тырысты.

Израиль әскерлері палестикалықтарға оқ жаудырды және көзден жас ағызатын газ бомбалар қолданды.

«Юсуф Мақамы» деп аталатын орынға жақын аймақта палестиналық қарулы адамдар мен Израиль әскерлері арасында қарулы қақтығыс болды.



Ұқсас жаңалықтар