Байден Гавайидегі орман өрттеріне тоқталды

Байден: «Соңғы бір ғасырдағы ең жойқын орман өрті».

2025117
Байден Гавайидегі орман өрттеріне тоқталды

АҚШ президенті Джо Байден Гавайидегі орман өрттерінің өз еліндегі соңғы бір ғасырдағы ең жойқын орман өрті екенін еске салып, штатқа тезірек баратынын айтты.

Висконсин штатының Милуоки қаласында үн қатқан Байден Гавайи аралындағы орман өрттері АҚШ-тағы «соңғы бір ғасырдағы ең жойқын орман өрті» екенін атап, келтірген зиян мен адам шығынының көптігіне назар аударды.

«Жұбайым Джилмен ең қысқа уақытта Гавайиге барамыз» деген Байден бұл мәселені штат губернаторымен талқылағанын айтты.

Өрт салдарынан қоныс аударған адамдарға да бір ретке үй басына шаққанда 700 доллар төленетінін жариялаған Байден Төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (FEMA) апаттан зардап шеккендер үшін атқарған жұмысы туралы да түсіндірді.



Ұқсас жаңалықтар