Ресейдің Украинаға шабуылы жалғасуда

Владимир Зеленский «Әрбір сарбазымыз отан территориясы үшін соғысуда. Ресей жеңіледі» деді.

2023187
Ресейдің Украинаға шабуылы жалғасуда

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресейдің Запорожье қаласына жасаған жаңа шабуылынан бір адамның қаза тапқанын хабарлады.

Зеленский өзінің «Telegram» арнасындағы жазбасында Ресейдің Запорожье қаласына әр күні шабуыл жасап жатқанын айтты.

Ресейдің кеше (10 тамыз, бейсенбі күні) Запорожьеге шабуыл жасағанын түсіндірген Зеленский «Шабуыл салдарынан азаматтық ғимаратта өрт шықты. 1 адам қаза тапты. Оларға  көңіл айтамыз. Зардап шеккендер де бар. Қатысты қызметкерлер оқиға орнында қажетті жұмыстарды жалғастырып, адамдарды құтқаруда. Әрбір сарбазымыз отан территориясы үшін соғысуда. Ресей жеңіледі» деді.



Ұқсас жаңалықтар