Гавайиде орман өрттеріне байланысты эвакуация басталды

Гавайи губернаторының міндетін атқарушы Сильвия Люк мәлімдеме жасады.

2022288
Гавайиде орман өрттеріне байланысты эвакуация басталды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Гавайи штатында бұталардан шыққан өрт салдарынан кейбір үйлер зардап шекті және аймақта ауқымды эвакуациялар басталды.

Гавайи губернаторының міндетін атқарушы Сильвия Люк штаттың әртүрлі аймақтарында бақылау алына алмаған өртке байланысты төтенше жағдай жариялады.

Ұлттық ауа райы қызметі жылдамдығы сағатына 97 шақырымнан асатын «Дора» дауылы салдарынан Гавайиде көптеген электр желісінің қирап, өртке қарсы сөндіру тікұшақтарының қонуға мәжбүр болғанын хабарлады.

Метеоролог Джефф Пауэлл Гавайидің солтүстіктегі жоғары қысым мен «Дора» дауылы тудырған төмен қысымның арасында қалып қойғанын, мұның өртті бақылауды қиындатқанын айтты.

Гавайидегі Мауи аралының баспасөз хатшысы Махина Мартин екі аймақта күшейіп келе жатқан өртпен күрескендерін, 13 мың үйдің жарықсыз қалғанын, кейбір аймақтарда эвакуациялау жұмыстарының басталғанын айтты.

2021 жылы Гавайиде болған өртте көптеген үй өртеніп, мыңдаған адам эвакуацияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар