Италияның Сардиния аралында 40-тан астам жерде өрт шықты

Италияның батысындағы Сардиния аралында өрттерді сөндіру жұмыстары жалғасуда.

2021236
Италияның Сардиния аралында 40-тан астам жерде өрт шықты

Италияның батысындағы Сардиния аралында құрғақ, ыстық және желді ауа-райы салдарынан орын алған 40-тан астам өртті сөндіру жұмыстарының жалғасып жатқаны хабарланды.

Аралдың солтүстігіндегі Нуоро уәлаятының Посада қаласында билік 600-ге жуық адамды эвакуациялауға бұйрық берді.

Лауазымдылар сондай-ақ кейбір өрттердің әдейі өртеу арқылы шығуы ықтималын тексеріліп жатқанын білдірді.

Сардиния Автономиялық әкімшілігінің басшысы Кристиан Солинас азаматтық қорғаныс қызметіне әуеден отпен күрес қабілетін күшейтуді тапсырғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар