Екі ұшқыш қаза тапты
Оқиғаны тергеу үшін комиссия құрылады.
2021303

Шри-Ланка Әскери-әуе күштерінің ұшағы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырап, 2 ұшқыштың қаза тапқаны хабарланды.
Әуе күштері баспасөз хатшысы Душан Виджесинхе оқу-жаттығу рейсінде қолданылған Қытайда жасалған «ПТ-6» типті ұшақтың ел астанасы Коломбоның солтүстік-шығысындағы Тринкомали порт қаласынан көтерілгеннен кейін құлағанын айтты.
Виджесинхе ұшақтағы екі ұшқыштың денесі табылғанын атап өтті.
Оқиғаның себебі туралы толық мәлімет бермеген Виджесинхе оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссияның тағайындалғанын білдірді.