ДДСҰ Эфиопиядағы қақтығыстарға алаңдағанын мәлімдеді

ДДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус мәлімдеме жасады.

2021023
ДДСҰ Эфиопиядағы қақтығыстарға алаңдағанын мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Бас хатшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Эфиопияның халқы ең көп қоныстанған екінші аймағы Амхарада жалғасып жатқан зорлық-зомбылыққа алаңдағандарын білдірді.

Гебрейесус бұрын «Твиттер» деп аталған «X» әлеуметтік желісінде Амхара аймағындағы қақтығыстар туралы хабарлама жасады.

«ДДСҰ Эфиопияның ең көп адам санына ие екінші аймағы Амхарада жалғасып жатқан зорлық-зомбылыққа алаңдайды» деген Гебрейесус жолдардың жабылуына байланысты гуманитарлық қолжетімділік пен интернеттің уақытша тоқтатылуы себепті байланыста қиындықтар туындағанын білдірді.

Гебрейесус «Қақтығыстар адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Мұның денсаулық сақтау жүйесіне ауыр және ұзақ мерзімді салдары болуы мүмкін» деді.

Амхарадағы медициналық қызметтерге үздіксіз қол жеткізуге және қорғауға шақырған Гебрейесус осылайша ДДСҰ мен оның серіктестерінің өз жұмысын жалғастыра алатынын мәлімдеді.

Бас хатшы Гебрейесус «Бәрінен де бейбітшілік» қалағандарын атап көрсетті.

Эфиопияда федералды үкімет Амхара аймағында армия мен жергілікті күштер арасындағы қақтығыстардың күшеюіне байланысты 4 тамыз күні төтенше жағдай жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар