Ауғанстанда жер сілкінісі болды

Ауғанстанда кеше бірінен соң бірі 5,8 балдық және 5,3 балдық екі жер сілкінісі тіркелді.

2020747
Ауғанстанда жер сілкінісі болды

Ауғанстанда кеше 5,8 балдық жер сілкінісінен кейін эпицентрі қайтадан Бадахшан уәлаяты болған 5,3 балдық жер сілкінісі болды.

Көршілес Өзбекстан, Тәжікстан және Пәкістан елдері де сезген жер сілкінісінің 209 шақырым тереңдікте болғаны жарияланды.

Кеше түнде жергілікті уақытпен сағат 20.31-де эпицентрі Бадахшан уәлаятының Джурм ауданы болған магнитудасы 5,8 күшінде  жер сілкінісі тіркелді.

Аталмыш жер сілкіністері Ауғанстанның солтүстік уәлаяттарынан бастап, бас қала Кабулда да сезілгенімен Талибан әкімшілігі шығындар туралы мәлімдеме жасамады.

Ауғанстанның солтүстік шығысындағы Гиндукуш тау жүйесінде орналасқан Бадахшанда жер сілкінісі жиі болып тұрады.

2022 жылы маусым айында Пәкістанмен шекаралас Пактика уәлаятында болған 5,9 балдық жер сілкінісінде 1 200 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар