Украина 28 миллиард доллар қаржылай қолдау алды

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Украинаға серіктестерінің қаржылық қолдауына тоқталды.

2020527
Украина 28 миллиард доллар қаржылай қолдау алды

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Украина биылдың өзінде серіктестерінен 28 миллиард доллар қаржылай қолдау алғанын хабарлады.

Шмыгаль Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде Украинаға серіктестерінің қаржылық қолдауына тоқталды.

Премьер-министр Шмыгаль «Біз биылдың өзінде серіктестерімізден 28 миллиард доллар алдық.  Еуропалық Одақ бізге 11 миллиард доллар, АҚШ 8 миллиард доллардан астам қаржылай көмек берді» деді.         

Шмыгаль достары мен одақтастарына қолдаулары үшін алғыс айтып, «Украинаға берілген әрбір доллар біздің тұрақтылығымызға, жеңісімізге, Еуропадағы қауіпсіздік пен бейбітшілікке салынған инвестиция» деп көрсетті.

Украинаның қазірдің өзінде барлық ішкі ресурстарын соғысқа жұмсағанын түсіндірген Шмыгаль кәсіпорындар мен азаматтар төлеген салықтардың барлығының қауіпсіздік және қорғаныс күштерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланылғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар