Швецияда Құран кітапқа шабуылдар жалғасуда

Ангбыбадет жағажайында ирандық Байрами Маржан полицияның қорғауында Құран кітапты өртеді.

2019996
Швецияда Құран кітапқа шабуылдар жалғасуда

Бас қала Стокгольмнің Ангбыбадет жағажайында 47 жастағы ирандық Байрами Маржан полицияның қорғауында Құран кітапты өртеу арқылы барлық діндерді жою керектігін атап көрсетті.

Маржан Құран кітапты өртеп жатқанда, полиция аймақта қауіпсіздік шараларын қолға алды.

Данияның әсіре оңшыл саясаткері және «Қатал бағыт» партиясы басшысы Расмус Палудан 2022 жылы Пасха мерекелері кезінде Швецияның Мальме, Норкөпин, Йонкёпинг қалалары мен бас қала Стокгольмде Құран кітапты өртеу арандатуларын жалғастырды.

Палудан 21 қаңтар күні Түркияның Швециядағы елшілігі алдында Құран кітапты өртеген еді.

Құрбан айттың бірінші күнімен тұспа-тұс келген 28 маусым күні Ирак текті Дания азаматы Салван Момика Стокгольм мешіті алдында полицияның қорғауымен Құранды өртеп жіберген болатын.

Момика 20 шілде күні Швециядағы Ирак елшілігі алдында, 31 шілде күні Швеция парламенті алдында полицияның қорғауында Құран кітап пен Ирак туын аяққа таптады.



Ұқсас жаңалықтар