Нигер Франциямен барлық келісімдерін тоқтатты

Кейбір елдердегі елшілер қызметтен босатылды.

2020146
Нигер Франциямен барлық келісімдерін тоқтатты

26 шілдеде Нигерде төңкеріс жасаған әскери хунта жаңа мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Франциямен қол қойылған барлық әскери ынтымақтастық пен хаттамалардың тоқтатылғаны жарияланды. Сондай-ақ Нигердің Франциядағы, Нигериядағы, АҚШ-тағы елшілерінің жұмыстан босатылғаны білдірілді.

Хунта әкімшілігі Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығына (ECOWAS) да ескерту жасады және Нигерге қарсы әскери операция болған жағдайда мүше мемлекеттердің біріне кенеттен шабуыл жасайтындарын мәлімдеді.

Нигерде «France 24 арнасы» мен француз радиосының «RFI» хабарлары да тоқтатылды. Франция Сыртқы істер министрлігі бұны айыптады.

Нигер президенті Мұхаммед Базум америкалық «Washington Post» газетіне жазған мақаласында халықаралық қауымдастық пен АҚШ-тан көмек сұрады. Базум төңкерістің әлем үшін жойқын салдары болатынын баса айтты.

«ECOWAS» елдерінің штаб басшылары Нигерияның астанасы Абуджада бас қосты. Мәлімдемеде Нигерде демократияны қалпына келтіруге деген ынталылық ерекше атап өтілді.

Ресейлік «Вагнер» жалдамалы тобының жетекшісі Евгений Пригожин Нигердегі әскери төңкерісті қолдайтыны туралы мәлімдеме жасады. Нигер халқының кедейлікке итермелегенін алға тартқан Пригожин «Нигерде өзгеріс қажет болды» деді.



Ұқсас жаңалықтар