Швецияның мүшелігін дауысқа салмады

Билік партиясының депутаттары кезектен тыс парламенттік отырысқа наразылық білдіріп, отырысқа қатыспаған.

2018576
Швецияның мүшелігін дауысқа салмады

Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдау үшін оппозицияның бастамасымен өткен парламенттің кезектен тыс отырысында кворумға қол жеткізілмегендіктен Венгрияда дауыс беру жүзеге аспады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, билік партиясының депутаттары Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдау үшін оппозициялық партия депутаттарының кезектен тыс парламенттік отырысына наразылық білдіріп, отырысқа қатыспаған.

Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдау бойынша дауыс беру парламентте 2/3 дауысқа ие билеуші ​​партия мүшелері отырысқа келмеген соң кейінге шегерілді.

Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сийярто 11 шілдеде Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдауы қазіргі уақытта «тек техникалық мәселе» екенін айтты.

Венгрия 28 маусымда Швецияның НАТО-ға мүшелігін ратификациялау сессиясы күзге қалдырылғанын хабарлаған болатын.

Финляндия 4 сәуірде НАТО-ның 31-ші мүшесі болды, ал Түркия мен Венгрия Швецияның НАТО-ға мүшелігін әлі бекіткен жоқ.



Ұқсас жаңалықтар