АҚШ-та ыстықтан адамдар күйіп жатыр

Аризона штатының Феникс қаласында 24 күн қатарынан 43 градустан жоғары болған ауа температурасы рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді.

2015915
АҚШ-та ыстықтан адамдар күйіп жатыр

Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) аптап ыстықта терісі күйіп кеткендіктен емделгендер ауруханаларды толтырды.

АҚШ-тың Аризона штатының дәрігерлері аптап ыстық салдарынан қатты қызып кеткен асфальт немесе заттарға дененің тиюі салдарынан зардап шеккендер санының артқанын хабарлады.

Үкімет лауазымдылары асфальттың қызуы мен қайнау температурасына жақындап қалған заттардың барлығын ыстықтан қорғау керектігін ескертіп, күн сәулесі тікелей түсетін жерлер мен заттарға соқтығу кезінде абай болу керектігін білдірді.

Зерттеулерде байқалғанындай, асфальт немесе көліктердің іші ауадан қатты ысып кетуі мүмкін және ол заттарға бірнеше секунд соқтығудың өзі теріні күйдіріп жіберетін көрінеді.

Аризона штатының Феникс қаласында 24 күн қатарынан 43 градустан жоғары болған ауа температурасы рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар