Қытайда залдың төбесі құлауы салдарынан 11 кісі мерт болды

Уәлаят өрт сөндіру және авариялық-құтқару жасағының мәлімдемесінде төбе құлаған кезде залда 19 адам болғаны білдірілген.

2015305
Қытайда залдың төбесі құлауы салдарынан 11 кісі мерт болды

Қытайдың Хэйлунжян уәлаятында мектеп спорт залы шатырының опырылып құлауы салдарынан 11 адам қаза тапты.

Синьхуа агенттігінің хабарына қарағанда жексенбі күні кешкі уақытта мектептің спорт залының шатыры опырылып түскен.

Уәлаят өрт сөндіру және авариялық-құтқару жасағының мәлімдемесінде төбе құлаған кезде залда 19 адам болғаны білдірілген.

Үйінді астында қалған 4 адам өз күшімен қирандылардан аман шыққан, 15 адам үйінді астында қалған.

Лауазымдылар қирандылар астындағы 11 адамның мәйіті табылғанын, 4 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Алғашқы тергеу барысында спорт залын салу кезінде шатырда заңсыз перлит материалдары пайдаланылғаны анықталды.

Бұл материал жаңбыр кезінде суды сіңіріп, ауырлап, шатырдың опырылуына себеп болатыны білдірілді. 

Тергеу шаралары аясында шатыр құрылысына қатысы бар адамдар ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар