Ресей астық қоймасын нысанаға алды

100 тонна бұршақ пен 20 тонна арпа өртеніп кетті.

2014461
Ресей астық қоймасын нысанаға алды

Ресей армиясының Украинаның Одесса облысына зымырандық шабуылы нәтижесінде 2 адам зардап шекті, 100 тонна бұршақ пен 20 тонна арпа өртеніп кетті.

Одесса облыстық әкімшілігінің басшысы Олег Кипер әлеуметтік желідегі жазбасында Ресейдің таңертең Одесса облысына зымырандық шабуыл жасағанын мәлімдеді. Ресей әскери кемелерінен ұшырылған екі зымыранның аймақтағы астық қоймасына тигенін атап көрсеткен Кипер "Өкінішке орай, Одесса облысындағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының бірінің астық терминалы зардап шекті. Жау 100 тонна бұршақ пен 20 тонна арпаны жойды. Жарылыс салдарынан 2 адам зардап шекті" деді.

Ресейдің қазір Одесса аймағындағы порттардан кейін ауылшаруашылық аймақтарын нысанаға ала бастағанын білдірген Кипер шабуылда 200 шаршы метрден астам аумақта өрт шыққанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар