Босқындарды алпауыт кемеге орналастырады

Алғашқы 50 кісілік топ келесі аптада келеді деп жоспарланды.

2014520
Босқындарды алпауыт кемеге орналастырады

Ұлыбританияда босқындар тұратын алпауыт кеме үкіметтің талас болған көш саясатын тағы бір рет күн тәртібіне әкелді.

Портленд аралы тұрғындары үкіметтің босқындарды кемеде паналатуының «оларды түрмеге қамаумен тең» деп есептейді.

Ішкі істер министрлігі көш жүйесіндегі қиыншылықтар мен босқындарды қонақүйде паналатудың құнына байланысты олардың кемеге орналастырылатынын хабарлаған еді. Кемінде 18 ай бойы 500 босқынға мекен болатын 222 бөлмелі «Bibby Stockholm» атты кеме бірнеше күн бұрын Портленд аралыға келді. Аймақ тұрғындары кемеге наразылық көрсетті.

Үкімет кемеде тұратын кісілердің Ұлыбританияға заңсыз жолдармен келген 18-65 жас аралығындағы ер адамдардан тұратынын білдірді. Алғашқы 50 кісілік топ келесі аптада келеді деп жоспарланды.

Ағылшын үкіметінің деректері бойынша қазір елде қонақүйлерде шамамен 51 мың босқын бар.



Ұқсас жаңалықтар