Зеленскийден Түркияға «Қаратеңіз астық дәлізі келісімі» ұсынысы

Зеленский «Қаратеңіз астық дәлізі келісімін» Ресейсіз жалғастыруды ұсынды.

2012850
Зеленскийден Түркияға «Қаратеңіз астық дәлізі келісімі» ұсынысы

Украина президенті Владимир Зеленский Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) Түркиямен «Қаратеңіз астық дәлізі келісімін» Ресейсіз жалғастыруды ұсынған бір хат жолдағанын мәлімдеді.

Зеленский «Telegram» арнасы арқылы Түркия, Украина, Ресей және БҰҰ арасында 2022 жылы 22 шілде күні Стамбулда қол қойылған астық жөнелту туралы келісімге қатысты мәлімдеме жасады.

Келісім аясында 45 елге шамамен 33 миллион тонна ауылшаруашылық өнімі жіберілгенін білдірген Зеленский «оның 60 пайызы Африка және Азия елдерінен бастап, Алжир, Тунис, Ливия, Мысыр, Кения, Эфиопия, Сомали және Суданға жіберілді» деді.

Украинаның азық-түлік өнімдері шамамен 400 миллион адамның негізгі қауіпсіздігі екенін атап көрсеткен Зеленский «Қаратеңіздегі астық бастамасы Ресейсіз де жұмыс істей алады және келісімді осылай жалғастыру керек. Бұл келісім күшінде қалады. Бұл келісімді мұқият орындау ғана маңызды. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешке Қаратеңіз астық бастамасын жалғастыру немесе үштік форматтағы келісімнің баламасы болып табылатын тұжырымдамамен жұмыс істеу ұсынысы жайында хат жолдадым. Украина, БҰҰ және Түркия азық-түлік дәлізінің жұмысы мен кемелердің қадағалануын бірге қамтамасыз ете алады» деді.

Владимир Зеленский БҰҰ Бас хатшысы Гутеррешпен телефон арқылы сөйлескенін де білдірді.

Зеленский әңгіме барысында Қаратеңіз астық дәлізі туралы келісімді талқылағандарын атап, «Ресей жаһандық азық-түлік нарығын тұрақсыздандыруға тырысады және Украинаның азық-түлік өнімдеріне тәуелді әртүрлі елдердегі 400 миллион адамның өміріне қауіп төндіреді» деді.

Зеленский «Астық келісімін жалғастыру керек. Гутеррешпен Қаратеңіздегі азық-түлік кепілдігі мен азық-түлік бағыттарын қамтамасыз ету үшін жауапты мемлекеттермен де жұмыс істеу тақырыбында мәмілеге келдік» деді.



Ұқсас жаңалықтар