Байден мен Герцог кездеседі

Мұсылман депутат Илхан Омар бойкот жариялады.

2011185
Байден мен Герцог кездеседі
ilhan omar.jpg
herzog-biden.jpg

АҚШ президенті Джо Байден 18 шілдеде Ақ Үйде Израиль президенті Исаак Герцогпен кездеседі.

Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьер жазбаша мәлімдемесінде «Израиль 75 жылдығын тойлап жатқан кезде бұл сапар біздің тұрақты серіктестігіміз бен достығымызды айшықтайтын болады» деді. Ол сондай-ақ Джо Байденнің АҚШ-тың Израильдің қауіпсіздігіне адалдығын растайтынын мәлімдеді.

Екі ел басшылары Израильдің аймақтық интеграциясын тереңдету мәселесін және бейбіт әрі гүлденген Таяу Шығысты құру мүмкіндіктерін қарастырады.

Жан-Пьер кездесуде Байденнің ортақ демократиялық құндылықтардың маңыздылығын атап көрсететінін білдірді. «(Президент Байден) палестиналықтар мен израильдіктер үшін тең еркіндік, гүлдену және қауіпсіздік шараларын ілгерілету жолдарын қолға алады» деді.

Байден мен Герцогтың «Ресейдің Иранмен әскери қарым-қатынасын тереңдету және Иранның аймақтағы тұрақсыздандырушы ұстанымын» да талқылайтынын айтқан Жан-Пьер Герцогтың Конгресстің бірлескен отырысында сөз сөйлейтінін және вице-президент Камала Харриспен кездесетінін білдірді.

Басқа жақтан АҚШ Өкілдер палатасының Демократиялық мүшесі, Мұсылман депутат Илхан Омар Израиль президенті Герцогтың АҚШ конгрессінде сөз сөйлеуіне бойкот жариялады.



Ұқсас жаңалықтар