Түркиядағы Азов батальонының 5 командирі Украинаға оралды

Украина президенті Владимир Зеленский Твиттердегі аккаунтынан хабарлама жасады.

2008801
Түркиядағы Азов батальонының 5 командирі Украинаға оралды

Украина президенті Владимир Зеленский Түркиядағы Азов батальонының 5 командирінің елдеріне оралғанын хабарлады.

Зеленский Твиттердегі аккаунтынан "Біз Түркиядан батырларымызды елге әкеле жатырмыз. Украин сарбаздары Денис Прокопенко, Святослав Паламар, Сергей Волынский, Олех Хоменко, Денис Шлеха енді туыс-тамырларымен кездеседі" деді.

Зеленскийдің украин және ағылшын тілдерінде ұшақта бөліскен хабарламасында Азов батальоны командирлерін қарсы алуы, амандасуы және олармен әңгімелескені байқалады.

Бұған дейін Ресей және Украина арасындағы тұтқын алмасумен Азов батальонының командирлері қауіпсіздік мақсатты Түркияға әкелінген болатын.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Зеленский арасындағы дипломатиялық қатынасы нәтижесінде 200 әскери тұтқын алмасылған болатын.

Ердоған Ресей мен Украина арасында Түркияның бітімгерлігімен жүзеге асқан тұтқын алмасуының соғысты тоқтату бағытында басылған маңызды бір қадам екенін мәлімдеген еді.

 



Ұқсас жаңалықтар