Зеленский Ресейдің украиналық балаларды ұрлап кеткенін айтты

Зеленский сапары аясында Болгарияның астанасы Софияда премьер-министр Николай Денков, Сыртқы істер министрі Мария Габриэль және басқа да үкімет мүшелерімен кездесті.

2008385
Зеленский Ресейдің украиналық балаларды ұрлап кеткенін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский орыстар украиналық балаларды ұрлап кеткенін айтты.

Зеленский сапары аясында Болгарияның астанасы Софияда премьер-министр Николай Денков, Сыртқы істер министрі Мария Габриэль және басқа да үкімет мүшелерімен кездесті.

Премьер-министрліктегі кездесуден кейін мәлімдеме жасаған Зеленский Ресейдің украин халқына қарсы «қырғын» әрекетін жасағанын айтты.

Ресейліктердің украиндық балаларды ұрлағанын атап өткен Зеленский:

"Ұрланған 200 мың баламыздың қайда екенін білмейміз» дейді. 

Болгария Парламентінің шешімі аясында Украинаға әскери-техникалық көмек пакетіне тоқталған Владимир Зеленский:

"Біз шабуыл туралы емес, қорғаныс пакеті туралы айтып отырмыз. Біздің балаларымыз да нысанаға алынған жаппай қырғындаудан қорғану туралы айтып отырмыз. Зеңбіректерді шабуыл жасау үшін емес, жаудың келуіне жол бермеу үшін қолданылады. Орыстар бейбіт тұрғындарға оқ жаудыруда. Бүгін НАТО-ға мүше Польшамен шекараға жақын жердегі Львовта бейбіт тұрғындарды өлтірді. Әркімнің өзін-өзі қорғауға құқығы бар" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар