Израиль Газа секторына әуеден шабуылдады

Израиль армиясы Бейт-Лахья және Газа қалаларындағы әскери бекіністерді бомбалады.

2007232
Израиль Газа секторына әуеден шабуылдады
cenin multeci kampi.jpg
filistinliler gazze protesto.jpg
israil gazze hava saldirisi.jpg

Израиль әскери ұшақтары Бейт-Лахья және Газа қалаларындағы палестиналықтарға тиесілі кейбір әскери бекіністерді бомбалады. Шабуылдар нәтижесінде аймақтан жалын мен түтін көтерілді.

Куәгерлер шабуылда нысанаға алынған бекіністердің жанындағы үйлердің де зақымдалғанын атап көрсетті.

Израиль армиясынан жасалған жазбаша мәлімдемеде шабуылдың «Газа секторынан Израильге атылған бес зымыранға жауап ретінде жасалды» делінді.

Мәлімдемеде «Әскери ұшақтар Хамастың химиялық заттар бөлімінің қару-жарақ өндірісі үшін пайдаланған бір жер асты нысаны мен зымырандық шикізат өндірілген позицияға әуеден шабуылдады» делінді.

Басқа жағынан қоршаудағы Газа секторының Израиль шекарасы маңында әлеуметтік желіден шақырумен бас қосқан палестиналық жастар Шерияның батысындағы Израиль күштерінің заң бұзушылығына қарсы шеру өткізді.

Палестина туларын желбіреткен жастар Израильдің Дженинге жасаған шабуылы мен шабуылдарына дөңгелек жағу арқылы наразылық көрсетті.

Израиль күштері болса палестиналық шерушілерді көз жасаурататын газбен таратуға тырысты.

Екінші жағынан Израиль армиясы баспасөз қызметі Джениндегі барлық әскерлерінің аймақтан шығарылғанын хабарлады.

Армияның баспасөз хатшысы Даниел Хагари Израиль армиясының радиосына «операцияның мақсаттарына қол жеткізілгені, «Дженин» босқындар лагеріндегі лаңкестік инфрақұрылымды жойып, 300-ге жуық күдіктіні тергеуге алғандарын»  атап көрсетті.

Израиль армиясы екі күннен бері әрі әуеден, әрі құрлықтан жасаған әуе шабуылдарымен қоршаға алған "Дженин" босқындар лагеріне үлкен зиян келтірді.

Израиль армиясының құрылыс техникасының жолдардағы асфальтты бұзып, инфрақұрылымды күйреткені байқалды. Қақтығыстар қалаға үлкен шығын түсірді.

Израиль армиясы дүйсенбі күні түнде басып кірген Дженин қаласы мен «Дженин» босқындар лагеріне шабуыл жасап, аймақты қоршауға алған еді.

Израиль күштерінің әуеден және құрлықтан шамамен 48 сағатқа созылған қиян-кескі шабуылдарында 4 бала мен 12 палестиналық қаза тауып, 20-сы ауыр күйде 120 адам жарақат алған болатын.

Израиль армиясына қарасты жасақтар кеше түнде «Дженин» босқындар лагерінен шыға бастады.



Ұқсас жаңалықтар