Афины қаласында ереуіл өткізілді

Грекияның астанасы Афинадағы Франция елшілігінің алдында  ереуіл ұйымдастырылды.

2006778
Афины қаласында ереуіл өткізілді

Францияда 27 маусым күні 17 жастағы алжирлік Наэль М. атты жастың полиция оғынан өлтірілуіне наразылық ретінде Грекияның астанасы Афиныдағы Франция елшілігінің алдында  ереуіл ұйымдастырылды.

Елшілік орналасқан Василисис София көшесі Афиныдағы Франция елшілігінің алдына әртүрлі солшыл топтардың жиналуына байланысты біраз уақытқа көлік қозғалысына жабылды.

Ереуілшілер Наэль М.-нің полиция оғынан өлтірілуіне наразылық білдіріп, әділдікке шақырды.

Ереуіл оқиғасыз аяқталған соң бір топ ереуілші елордада қысқа шеру өткізді.

Француз полициясы 27 маусымда Нантерреде 3 адамы бар көлікке оқ жаудырып, 17 жастағы жүргізуші Наэль М. қаза тапқан болатын.

Наэль М.-нің өліміне наразылық көрсеткендер елдің әртүрлі қалаларында көшеге шығып, полициямен қақтығысты.



Ұқсас жаңалықтар