Грекияда депутаттар ант берді

Парламентте өткен ант беру рәсімінде депутаттардың басым бөлігі Библияға, Батыс Фракиядан келген түрік депутаттары Құран Кәрімге қолдарын басты, кейбіреулері азаматтық ант беруді жөн көрді.

2006466
Грекияда депутаттар ант берді

Грекияда 25 маусымда өткен жалпы сайлауда Парламентке кіру құқығына ие болған 300 депутат ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті.

Парламентте өткен ант беру рәсімінде депутаттардың басым бөлігі Библияға, ал Батыс Фракиядан келген түрік депутаттары Құран Кәрімге қолдарын басып, кейбіреулері азаматтық ант беруді жөн көрді.

Елдегі жалпы сайлаудан кейін Парламентте 8 саяси партия өкіл жолдады. Жаңа Демократия партиясынан 158, Радикал Солшыл альянстан (СИРИЗА) 48, Панхелистік Социалистік қозғалыстан (ПАСОК) 32, Грекия Коммунистік партиясынан 20, Спарталықтар партиясынан 12, Грек Шешім партиясынан 12, Жеңіс партиясынан 10 және Бостандық бақылау партиясынан 8 депутат Парламентке кіру құқығына қол жеткізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар