Иранда ауаның температурасы кейбір жерлерде 50 градусқа жетті

IRNA кеше Зехек және Хирманд қалаларында ауа райының 50 градусқа жеткенін хабарлады,

2006009
Иранда ауаның температурасы кейбір жерлерде 50 градусқа жетті

Иранның Систан-Белуджистан уәлаятының Зехек және Хирманд қалалары (02.07.2023) 50 градус ыстықпен елдің температурасы ең жоғары аймақтарына айналды.

Иранның ресми агенттігі IRNA-ның хабарлауынша Систан-Белуджистан Метеорология мекемесінің бас директоры Мухсин Хайдари аймақтағы ыстық ауа райына байланысты мәлімдеме жасады.

Хайдари Зехек пен Хирманд қалаларының ауа температурасының 50 градусқа жетіп, елдің ең ыстық аймақтарына айналғанын айтты.

Уәлаят әкімшілік орталығы Захидан қаласында болса температураның 42 градуспен өлшенгенін айтқан Хайдари дүйсенбіден бастап желдің күшеюімен ауа температурасының төмендейтініне назар аударды.

Хайдари уәлаятта желдің жылдамдығының артуымен шаң тасымалының арта түсетінін білдіріп, халыққа қажет болмаса далаға шықпауды және көру мүмкіндігі шектеулі жерде көлік қозғалысынан бас тартуды ескертті.

Систан-Белуджистан Төтенше жағдайды басқару бас директоры Маджид Мохибби болса уәлаяттың Забул, Зехек, Хамун, Хирманд және Нимруз қалаларында дауыл көтерген ұсақ шаңның салдарынан мыңнан астам адамның ауруханалар мен медициналық орталықтарға жеткізілгенін, бір адам қайтыс болғанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар