СКТР Президенті Эрсин Татар Швецияны айыптады

Татар «Мен діндердің қасиеттілігіне қол сұғуды бостандық деп санайтын менталитетті қатаң айыптаймын» деді.

2005172
СКТР Президенті Эрсин Татар Швецияны айыптады

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) Президенті Эрсин Татар Швецияда Құран Кәрім жайлы арандатуды айыптады.

Татар әлеуметтік медиа аккаунтында бөліскен хабарламасында Құран Кәрім жайлы арандатуды қатал түрде айыптады.

Татар «Мен діндердің қасиеттілігіне қол сұғуды бостандық деп санайтын менталитетті қатаң айыптаймын» деді.

Дүниежүзілік Мұсылман ғұламалары одағының бас хатшысы Әли Мухидин әл-Карадаг та Швеция әкімшілігінің келеңсіз оқиғаға рұқсат беруін айыптады.

Иордания Құран Кәрімге жасалған шабуылды айыптап, оны «қабылданбайтын арандату және нәсілшілдік әрекет» деп сипаттады.

Палестина Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны «Ислам діні мен Құран Кәрімге қарсы өшпенділік пен нәсілшілдіктің көрінісі» деп айыптады.

Сауд Арабиясы, Кувейт, Марокко, Йемен және Ливан да «Швецияда ардақты кітабымыз Құран Кәрімге қарсы жасалған жексұрын әрекетті айыптаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар