Иранда 17 адам арақтан уланып қайтыс болды

Керец қаласында соңғы 10 күнде жалған алкоголь ішіп уланып, ауруханаға түскендердің санының 191-ге, қаза тапқандар санының 17 адамға көбейгені білдіріілді.

2003788
Иранда 17 адам арақтан уланып қайтыс болды

Иранның Эльборз уәлаятының Керец қаласында 13 маусымнан бері жалған сусын алкогольден  уланғанып қайтыс болғандар саны 17 адамға жетті.

Иранның ресми ақпарат агенттігі "IRNA-ның" хабарына қарағанда Эльбурз сот төрағасы Хусейн Фазили Херикенди уәлаяттағы алкогольден улану оқиғаларын бақылау үшін өткен арнайы жұмыс тобы отырысында баспасөзге мәлімдеме жасады.

Керец қаласында соңғы 10 күнде жалған алкоголь (метанол) ішіп уланып, ауруханаға түскендердің санының 191-ге жеткенін атап көрсеткен Херикенди қаза тапқандар санының 17 адамға көбейгенін білдірді.

Херикенди алкогольдік ішімдіктерді таратқандарды анықтау үшін басталған тергеу аясында қазірге дейін негізгі жеткізушілермен бірге 9 адамның ұсталғанын хабарлады.

Керец қаласында 13 маусымда кейбір адамдар алкогольден уланып, ауруханаға түсті.

Иран әкімшілігі 16 маусымда ауруханаға түскендердің 10-ының қайтыс болғанын хабарлаған болатын.

Эльбурз денсаулық ғылымдары университетінің ректоры Шахрам Сейяди 20 маусымда қаза тапқандар саны 13-ке жеткенін хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар