Гутерреш терроризммен күрестің маңыздылығына тоқталды

Антониу Гутерреш террордың әлемнің әр аймағына әсер ететініне тоқталып, лаңкестікпен күрестің халықаралық деңгейде қолдау көрсетілуі керек екенін мәлімдеді.

2001841
Гутерреш терроризммен күрестің маңыздылығына тоқталды

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш террордың әлемнің әр аймағына әсер ететініне тоқталып, лаңкестікпен күрестің халықаралық деңгейде қолдау көрсетілуі керек екенін мәлімдеді.

Гутерреш БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы күрес агенттіктерінің жоғары деңгейдегі 3-ші конференциясында сөз сөйледі.

Гутерреш «Терроризм әлемнің әрбір аймағына әсер етеді. Террор жергілікті және ұлттық қауіпсіздіктің осал тұстары, сондай-ақ саяси, экономикалық және қауіпсіздік жүйелерінің тұрақсыздығынан қоректенеді» деп көрсетті.

Кедейлік, теңсіздік және әлеуметтік оқшауланудың терроризмді қоздыратынын түсіндірген  Гутерреш «Ақшаны жылыстату, заңсыз кен өндіру және қару-жарақ, есірткі, көне жәдігерлер мен адам контрабандасы» сияқты қылмыстық әрекеттердің терроризмді қаржыландыратынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар