Израильде Нетаньяху үкіметіне наразылықтар жалғасуда

Израильде Нетаньяху бастаған коалициялық үкіметке қарсы наразылық шеруіне он мыңдаған адам қатысты.

2001032
Израильде Нетаньяху үкіметіне наразылықтар жалғасуда

Израильдіктер премьер-министр Беньямин Нетаньяху бастаған коалициялық үкіметтің сот билігін шектейтін оңшыл саясаты мен реттеуіне қарсы наразылықтарын жалғастыруда.

Нетаньяху бастаған шектен шыққан оңшыл коалициялық үкіметтің сот тәртібіне қарсы апта сайын сенбі күні кешке жаппай шерулер өткізетін израильдіктер наразылық шараларын 24-ші аптада да ел көлемінде қайтадан көшелерге шықты.

Израильдің «Yediot Ahronot» газетінің интернет парақшасында жарияланған хабарға қарағанда Тель-Авив, Батыс Иерусалим, Бирессеби және Хайфа қалаларында ел көлемінде ұйымдастырылған көптеген шерулерге он мыңдаған израильдік қатысты.

Израиль жалауларымен жиі «демократия» деп ұрандаған шерушілер коалициялық үкіметтегі әсіре оңшыл саясаткерлерді сынаған баннерлер ашты.



Ұқсас жаңалықтар