АҚШ әскері ДАИШ-қа көмектескенін мойындады

Огайо штатында тұратын 22 жастағы Коул Бриджес есімді сарбаз кеше сот алдына шығарылды.

2000252
АҚШ әскері ДАИШ-қа көмектескенін мойындады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) армиясынан бір сарбаз Таяу Шығыста америкалық әскерлерге шабуыл жасаған террор ұйымы ДАИШ-қа көмектескенін мойындады.

Огайо штатында тұратын 22 жастағы Коул Бриджес есімді сарбаз кеше сот алдына шығарылды.

Коул Бридж ДАИШ террор ұйымына көмектесті деген айыпты мойындады.

АҚШ Әділет министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Бриджестің 2019 жылы АҚШ армиясына қосылғаны және сол уақыттан бері интернетте ДАИШ террор ұйымы туралы насихатты бақылап отырғанына назар аударылып, ДАИШ мүшелеріне Нью Йорк және Таяу Шығыстағы американдық сарбаздарға қарсы шабуылдарға дайындалғандары үшін білім бергені және басшылық еткені білдірілді.

Нью-Йорк Оңтүстік сотының прокуроры Дэмиан Уильямс мәлімдемесінде:

«Прокурорларымыз бен Федералдық тергеу бюросы және АҚШ әскери қызметіндегі серіктестеріміздің арқасында Бриджстің арам ниеті әшкереленді, енді ол өз қылмысы үшін жазаны күтіп отыр» деді.

Коул Бриджес 40 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар