Швейцария Украинаға көмек пакетін қабылдамады

Швейцария Өкілдер Палатасы Сыртқы саясат комитетінің бес-он жылға созылуы күтілген көмек пакеті ұсынысы қабылдамады.

1997603
Швейцария Украинаға көмек пакетін қабылдамады

Швейцария Өкілдер Палатасы Украинаға қолдау көрсету үшін 5 миллиард швейцариялық франк (5,5 миллиард доллар) көлеміндегі көмек пакетін қабылдамады.

Швейцария баспасөзінде орын алған хабарға қарағанда Өкілдер Палатасының Сыртқы саясат комитетінің бес-он жылға созылуы күтілген көмек пакеті ұсынысы қабылданбады.

Швейцария Сыртқы істер министрі Игнацио Кассис шешімге байланысты мәлімдемесінде Швейцарияның Украина халқы үшін үш қолдау пакетін дайындағанын және жалғасып жатқан соғысқа байланысты қайта құру қажеттілігінің қаншалықты болатынын болжай алмайтындарын айтты.

Игнацио Кассис:

"Швейцария Украинаға үлкен қаржылық үлес қосып үлгерді. Швейцария үкіметі 2025-2028 жылдар аралығы үшін Украина мен аймаққа шамамен 1.5 миллиард франк бөлді" деді.

Көмек пакеті гуманитарлық жәрдемге, бейбіт тұрғындарды қорғауға, миналардан тазартуға және бейбітшілікті нығайтуға жұмсалады деп жоспарланған.

Шешім Украина президенті Владимир Зеленскийдің Швейцария Парламентінде сөйлеген сөзінен бір апта бұрын қабылданғаны білдірілді.

Украинаға көмек көрсету мәселесі 12 маусымда тағы да парламенттің күн тәртібіне келуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар