"Ердоғанның мәлімдемелеріне шоғырланамыз"

Захарова Мәскеуде апталық баспасөз мәслихатында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

1996936
"Ердоғанның мәлімдемелеріне шоғырланамыз"

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Түркиямен қарым-қатынаста президент Режеп Тайып Ердоғанның өзара тиімділіктің артуына үлес қосатын көп қырлы ынтымақтастықты дамыту ниеті туралы мәлімдемелеріне назар аударғандарын білдірді.

Захарова ел астанасы Мәскеуде апталық баспасөз мәслихатында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Түркиядағы жаңа үкіметтің Ресей және Америка Құрама Штаттарымен теңгерімді қарым-қатынастар жүргізіп жүргізбейтіні туралы сұраққа жауап берген Захарова ең алдымен Түркияның президенті Ердоғанның «өзара тиімділіктің артуына үлес қосатын көп қырлы ынтымақтастықты дамыту» туралы мәлімдемелеріне шоғырланғандарын айтты.

Баспасөз хатшысы Захарова «Біз мұндай сындарлы ұстанымды құптаймыз. Өзіміз де осындай екіжақты түсіністікті жүзеге асыруды ынталандырамыз және нәтижелерді қадағалайтын боламыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар