Швецияда террор ұйымы қолдаушылары шеру өткізді

Швецияда PKK/YPG жақтастары президент Режеп Тайып Ердоған мен Швецияның НАТО мүшелігін нысанаға алған шеру өткізді.

1995525
Швецияда террор ұйымы қолдаушылары шеру өткізді

Швецияда  бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG жақтастары президент Режеп Тайып Ердоған мен Швецияның НАТО мүшелігін нысанаға алған шеру ұйымдастырды.

Швецияда 1 маусымда күшіне енген жаңа террор заңының жойылуын талап еткен бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG жақтастары бас қала Стокгольмдегі Норра Банторгет алаңында жиналды.

Заңның президент Ердоғанға тиесілі екенін және Швеция Парламенті Ердоғанға бас иетінін алға тартқан терроризмді жақтаушылар Швеция үкіметін отставкаға кетуге шақырды.

Террор ұйымы PKK/YPG-ның символы жалау мен ұйымның басшысы Абдуллах Өжаланның суретін көтерген террор ұйымын қолдаушылар президент Ердоғанға қарсы ұзақ уақыт ұран салды.

Полицияның қолдауымен 3 жарым сағат шеру өткізген бөлшектеуші террор ұйымының жақтастары Швеция Парламенті алдына дейін жүрді.

Мыңға жуық адам қатысқан шеруде полиция лаңкестік жақтастарының ереуіліне тосқауыл болмау үшін шеру бағдарындағы жолдарды қысқа уақытқа көлік қозғалысына жапты.



Ұқсас жаңалықтар