Кувейтте депутаттық сайлау басталды

Кувейт Ұлттық Мәжіліс мүшелерін сайлау үшін сайлаушылар сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

1995795
Кувейтте депутаттық сайлау басталды

Кувейттің ресми ақпарат агенттігі «KUNA»-ның хабарына қарағанда сайлаушылар жергілікті уақытпен таңғы сағат 08:00-де дауыс бере бастады.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Тіркелген 793 мың 646 сайлаушы бар елде 17-сі әйел 207 үміткер Ұлттық Мәжілісте қызмет ететін 50 депутаттың қатарынан көріну үшін жарысады.

Кувейт әмірі Шейх Наваф әл-Ахмад әл-Джабер эс-Сабах тамыз айында «депутаттар арасындағы үйлеспеушілік» себебімен Мәжілісті таратып, сайлауға шешім қабылдаған және сайлаушылар 29 қыркүйек күні сайлауға бару арқылы жаңа депутаттарын сайлаған болатын.

Дегенмен 19 наурыз күні Атазаң соты алдындағы Мәжілісті тарату шешімінің «заңсыз» екенін сылтауратып, қыркүйек айында жалпыхалықтық сайлауды тоқтатуға шешім қабылдаған еді.

Жоғарғы Сот Мәжілістің бұрынғы сайлауда, яғни 2020 жылы сайланған мүшелермен Ұлттық Мәжілістің жұмыстарын жалғастыруды жөн көрді.

Кувейт әмірі соңғы рет 17 сәуір күні Атазаң соттың шешімімен қызметіне қайта оралған 2020 жылғы Мәжілісті таратып, 6 маусым күні сайлауды өткізуге шешім қабылдады.

Кувейт Ұлттық Мәжілісі соңғы 12 жылда 11 рет таратылды.



Ұқсас жаңалықтар