"Бахмут бағытында алға жылжудамыз"

Сырский бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады.

1995791
"Бахмут бағытында алға жылжудамыз"

Украина Құрлық күштері қолбасшысы Александр Сырский Бахмут бағытында алға жылжығандарын білдірді.

Сырский бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлады.

Бахмут бағытында орыстарды жойғандарын алға тартқан Александр Сырский «Қорғаныс күштеріміз алға жылжуда. Оларға құрлықтан және әуеден соққы енгізіп жатырмыз» деді.

Украина Қорғаныс вице-министрі Анна Маляр да бүгін Украина жасақтарының шығыс майданында қарсы шабуылға өткенін білдірді.  Маляр қақтығыстардың жалғасып жатқанын хабарлады.

Сонымен бірге кеше орыс армиясының Киевке зымыранмен шабуылдағаны, 20 зымыранның барлығының аспанда жойылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар