Ресей-Украина соғысында қақтығыстар күшейді

Ресей Қорғаныс министрлігі орыс армиясының Донецкке шабуыл бастағанын жариялады.

1995316
Ресей-Украина соғысында қақтығыстар күшейді
rusya-ukrayna.jpg

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Донецктің оңтүстік бағытында майданның бес бөлек нүктеден жаппай шабуыл бастағанын хабарлады.

Мәлімдемеге қарағанда 6 механикаландырылған және 2 танк батальонынан тұратын украин күштері Ресей қорғанысын бұзып өтуге әрекеттенгенімен, сәтсіздікке ұшырады.

Министрлік жасаған хабарламада «Украина армиясы 250-ден астам сарбазынан, 16 танкінен, 3 жаяу әскерінен және 21 броньды көлігінен айырылды» делінді.

Ресей Бас штаб басқармасы төрағасы Валерий Герасимовтың болса бұл бағыттағы операция орталықтарының бірінде екені атап көрсетілді.

Украина Құрлық күштері қолбасшысы Александр Сирский болса шығыс майданының Сватове бағытындағы украин әскерлерінің қарсы шабуылға шығып, 400 метрге ілгерілегенін мәлімдеді.

Ресейдің Белгород облысы да шабуылдардың нысанасына айналды.

Белгород губернаторы бір электр станциясында өрт шыққанын, бірақ зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

Соғыстан ең көп бейбіт тұрғындар зардап шекті.

Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы бері шабуылдарда 500 баланың қаза тапқанын мәлімдеді.

«Жарақат алған балалардың нақты санын әзірге анықтау мүмкін емес» деді Украина басшысы.

2022 жылы 24 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіру туралы бұйрық берген, осылайша Ресей-Украина соғысы басталған болатын.

Путин Киевтің НАТО-ға кіруіне жол бермеу және оны Ресейдің бақылауында ұстау үшін елді қарусыздандыру және нацистік әрекеттерден тазартуды мақсат еткенін айтқан еді.



Ұқсас жаңалықтар