Ресейлік күштер Днепр қаласына шабуылдады

Ресей күштердің Украинаның Днепр қаласына жасаған зымыран шабуылынан 13 адам жарақат алды.

1995016
Ресейлік күштер Днепр қаласына шабуылдады

Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желідегі аккаунтынан Ресей күштерінің Днепр облысына шабуыл жасағанын білдірді.

Шабуыл салдарынан екі қабатты үйдің зақымданғанын атап көрсеткен Зеленский «Өкінішке орай қирандылар арасында адамдар қалды. Оқиға орнында барлық қызметкерлер жұмыс істеп жатыр» деді.

Ресей армиясын Украинаға қарсы лаңкестік әрекет жасады деп айыптаған Зеленский «Мемлекетіміз бен халқымызға қарсы жасалған опасыздық үшін барлық жауапкершілікті орыстар өз мойнына алады» деді.

Днепропетровск облысы Әскери басқарма төрағасы Сергей Лисак «Зымыран шабуылы салдарынан бізде барлығы 13 адам зардап шекті. Араларында үшеуі 6, 11 және 15 жасар бала» деді.

2022 жылы 24 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путин Украинаға басып кіру туралы бұйрық берді, осылайша Ресей-Украина соғысы басталды.

Путин Киевтің НАТО-ға мүшелігінің алдын алу және оны Ресейге бағынышты қылу үшін елді қарусыздандыру және нацистік әрекетті жоюды мақсат еткенін айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар