Пәкістан соты Ханды кепілдікпен босатуға шешім қабылдады

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі биліктен кеткен соң өзі туралы 90 іс қозғалған еді.

1993840
Пәкістан соты Ханды кепілдікпен босатуға шешім қабылдады

Пәкістанда сот 7 қылмыстық іс бойынша сотталып жатқан бұрынғы премьер-министр Имран Ханды 19 маусым күніне дейін кепілдікпен босату туралы шешім қабылдады.

БАҚ-қа қарағанда Пәкістан Әділет қозғалысы партиясының төрағасы Хан өзінің сот отырысына қатысу үшін Лахордан бас қала Исламабадқа барды.

Сот Ханды 7 іс бойынша 19 маусым күніне дейін кепілдікпен босатуға шешім қабылдады.

2022 жылдың сәуір айында биліктен кеткен Ханға қарсы 90-нан астам сот ісі қозғалды.



Ұқсас жаңалықтар