Судандағы қақтығыстар себепті 11 бала қаза тапты

Қызылтеңіз уәлаятында төтенше жағдайды ұзарту туралы шешім қабылданды.

1993358
Судандағы қақтығыстар себепті 11 бала қаза тапты

Суданның Қызылтеңіз уәлаятында өткен айда жарияланған төтенше жағдай бүгін түннен бастап 3 айға ұзартылды.

«SUNA» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша Қызылтеңіз уәлаятының губернаторы Фетуллах әл-Хак Ахмед төтенше жағдайды ұзарту туралы шешімге қол қойғанын жариялады.

Қызылтеңіз қауіпсіздік комитеті штатқа дендеп енген қылмыскерлердің де ұсталғанын хабарлады.

Комитет коменданттық сағат режимі мен бақылау бекеттерінің санын арттыру сияқты қатаң шаралар қабылданғанын хабарлады.

Аталмыш шешімдердің сәуір айының ортасынан бері армиямен қақтығысқан қарулы Жедел қолдау күштері (ЖҚК) жасақтарының уәлаятқа құпия түрде кірген топтарын залалсыздандыру мақсатты қабылданғаны білдірілді.

Суданның Егемендік кеңесінің төрағасы және армия қолбасшысы генерал Абдул Фаттах әл-Бурхан Хартумның кейбір жерлерінде орналасқан күштерді тексеру барысында жасаған мәлімдемесінде "егер ақылмен қозғалмайтын болса оларға қарсы «өлтіретін күш» қолдануға мәжбүрміз" деп қорқытты.

Бурхан қарулы күштердің жеңіске жеткенше соғысқа дайын екенін және «бүлікшілердің» бұл елді бақылауға ала алмағанын атап, жеңістің сөзсіз жақын екенін мәлімдеді.

ЖҚК болса армияны атысты тоқтатуды бұзды деп айыптап, атысты тоқтатуды ұстанатындарын жариялады.

Сонымен қатар денсаулық сақтау органдарының ақпарат көздеріне қарағанда бас  қала Хартумдағы Майгома жетім балалар үйінде 11 бала қайтыс болды.

Ұлттық бұқаралық ақпарат құралдары қақтығыстардың салдарынан балалардың қайтыс болғанын, кейбір тәрбиешілердің қашып кеткенін, медициналық қызметтің жеткіліксіздігі, дұрыс тамақтанбау және электр қуатының жиі сөніп қалуы себепті балалардың құрбан болғанын хабарлады.

АҚШ және Сауд Арабиясының бітімгерлігінде 20 мамыр күні бір апталық атысты тоқтату режимінің 22 мамыр дүйсенбі күні сағат 21.45-тен бастап күшіне енетіні жарияланған еді.

Тараптар 29 мамыр күні атысты тоқтату келісімін кейін тағы 5 күнге ұзартуға шешім қабылдағандарын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар