С.Корея барлау серігін ұшыруды жоспарлауда

Солтүстік Корея Жапония үкіметіне әскери барлау жер серігі ұшырылғаннан кейін құлау мүмкіндігін ескере отырып теңізде 3 «қауіпті аймақ» құрылатыны туралы мәлімет берген.

1992496
С.Корея барлау серігін ұшыруды жоспарлауда

Солтүстік Корея 31 мамыр мен 11 маусым аралығында ұшыруды жоспарлап отырған алғашқы әскери барлау жер серігінің жоспарларына байланысты Жапонияға мәлімет берді.

Жапонияның "Киодо" агенттігінің хабарына қарағанда Солтүстік Корея Жапония үкіметіне әскери барлау жер серігі ұшырылғаннан кейін құлау мүмкіндігін ескере отырып теңізде 3 «қауіпті аймақ» құрылатыны туралы мәлімет бергенін білдірді.

Жапония премьер-министрі Кисида Фумио Солтүстік Кореяның әскери барлау жер серігін ұшыруы баллистикалық зымыран ұшырумен тең және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің (БҰҰ ҚК) шешімдеріне қайшылық жасау мағынасына келетінін айтты.

Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Мацуно Хироказу Солтүстік Кореяның шешімі халықаралық қоғамдастықтың тыныштығы мен тұрақтылығына қауіп төндіретінін және «ауыр арандатушылық» екенін білдірді.

Жапония Қорғаныс министрі Хамада Ясуказу Ел Қорғау күштеріне Солтүстік Кореяның зымыран тасығышы Жапония аумағынан ұшып өтсе немесе құлаған жағдайда дайын болуды бұйырды.

Хамада баллистикалық зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің Жапонияның оңтүстігіндегі үш аралға орналастырылғанын мәлімдеді.

Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, егер Солтүстік Корея әскери барлау жер серігін ұшыру жоспарын жалғастырса, «беделін өтейтінін» жариялады.

Солтүстік Корея 2022 жылдың 19 желтоқсанында алғашқы барлау жер серігін жасаудың соңғы кезеңі ретінде қарастырылатын сынақ жер серігін ұшырғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар